Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат" Лиссабонда «Спортингтен» ірі есеппен ұтылды

Фото: Getty Images

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы кездесуін Лиссабонда өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарсылас — Португалияның атақты "Спортинг" клубы. Ойын "Жозе Алваладе" аренасында өтіп, алаң иелері айқын басымдық көрсетті.

24-минутта "Спортинг" пенальти соғу мүмкіндігіне ие болған еді, бірақ қақпашы Шерхан Қалмырза өз командасын құтқарып, Мортен Юльманның соққысын қайтарды. Дегенмен тайм соңына қарай Франсишку Тринкан қашықтан соққы жасап есеп ашты.

Үзілістен кейін қазақстандық клуб бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Еркін Тапалов пен Дастан Сәтпаевтың соққылары голға айналмай қалды, ал Жоржиньо қақпашымен бетпе-бет шыққан сәтін пайдалана алмады. Бұл қателіктер алматылық команда үшін қымбатқа түсті: Тринкан дубль жасап, араға екі минут салып Алиссон Сантос пен Джовани Кенда тағы екі гол қосты. Ал Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алматылық команданың алғашқы голын 86-минутта Эдмилсон соқты.

Қорытынды есеп — 4:1. "Қайрат" Чемпиондар лигасын жеңіліспен бастады.

Алматылықтар енді 30 қыркүйекте өз алаңында Мадридтің "Реалына" қарсы ойнайды.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 19 Қыркүйек, 2025 04:44
Талқылау