Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген енді депутат болмақшы

Қазақстандық белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматы қаласы бойынша мәслихат депутаттығына сайлауға қатыспақшы. Қашанда инста-парақшасы арқылы қоғамда қызу талқыға түскен тақырыптарды тілге тиек ететін кәсіпкер сүйікті қаласын көркейтуге ат салысқысы келеді. Көпшілікке қол ұшын созуға дайын тұратын Қайрат Құдайберген сайлауға қатысатыны туралы өзінің инстаграм парақшасында  жариялады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Белгілі кәсіпкер Қазақстанда орын алған келеңсіз жайттарға қарап, еліміздің болашағын ойлап, жиі бас ауыртатынын жасырмайды. Енді Алматы бойынша мәслихат депутаттығына сайлауға түскен кәсіпкер сүйікті қаламызды көркейтуге ат салысамын дейді. Сондай-ақ осы бастамада қазақстандықтардан қолдау күтіп, күш біріктуге шақырды.

«Алматы менің туған қалам, оның тағдырына мен немқұрайлы қарай алмаймын. Өзімнің құзыретіме сәйкес, мен қаламыздың көркеюіне қатысты, қолымнан келетін барлық жағдайды жасауға тырысамын»,-дейді Қайрат Құдайберген.

Сайлау биылғы жылдың 25 наурызында өтеді.  Қайрат Жетісу ауданының 24 округі бойынша сайлауға түседі. Осы күні округтің әрбір тұрғыны өз кандидаттарының үлесіне дауыс бере алады.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда төбелес шығарған күзетшілер қытайлықтардан кешірім сұрады

Алматыда автобус жүргізушілері шатақ шығарды

Ақтөбеде тек тұрмыстық техникаларды ұрлаған әккі ұры ұсталды

Ақмола облысында тұрғындар өтірік есеп беретін әкімнің былығын ашты

Талқылау