Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қауіпсіздік жастығы сақтап қалды": Актриса Динара Бақтыбаева жол апатына түскенін айтты

Актриса Динара Бақтыбаева бір жыл бұрын күйеуі екеуі жол апатына ұшырағанын айтты. Олар автобуспен соқтығысқан. Жеңіл көліктегілер қауіпсіздік жастықшасының көмегімен аман қалған.

Динара Instagram желісіндегі оқырмандарына жол апаты туралы айтып берді.

“Оқиғаға автобус жүргізушісі кінәлі. Жүргізуші олардың көлігін байқамай қалғанын айтып ақталды. Бақытымызға орай, бұл апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Қауіпсіздік жастығының көмегі зор болды. Енді көлікке авторындық орнатуды ойластырып отырмыз”, – деді актриса. 

Айтуынша, жол апаты осыдан бір жыл бұрын болған. 

Актриса бірнеше отандық фильмдерде роль сомдағаны белгілі. Қазір 28 жаста. Тұрмыс құрып, ана атанды. Техникалық мамандықты жаны қалағанымен, тағдырдың жазуымен өнер саласынан келген екен. 

"Мен Жаңаөзен қаласында дүниеге келдім, бірақ 3 жасымда ата-анам Атырауға көшіп келді. Содан бері сонда тұрып жатырмын. Балалық, жастық шағым байсалды өтті. 2011 жылы мектепті бітіріп, техникалық білім алғым келіп, оқуға түстім.

Әйтеуір сыныптастарыммен жапон мәдениетінің көрмесіне баруды ұйғардым. Мені сол жерден тауып алды. Олар маған фильмге түсуді ұсынды. "Он и она" фильмінің кастингіне барып өтіп кеттім! Мақұлдандым! Менің алғашқы рөлім, бірінші фильмім. Мен үшін киноиндустрия түсініксіз және алыс нәрсе болды, бірақ мен бір сәтте өзімді оқиғалардың бел ортасында таптым. Бұл қызықты, әсерлі еді”, – деп еске алады актриса.


"Ұятыңыз бар ма": Танымал актриса өзін "Яндекс. Такси" жүргізушісі балағаттап, итеріп жібергенін айтты

Талқылау