"Ұятыңыз бар ма": Танымал актриса өзін "Яндекс. Такси" жүргізушісі балағаттап, итеріп жібергенін айтты

Белгілі актриса Динара Бақтыбаева өзін "Яндекс. Такси" жүргізушісінің балағаттап, итеріп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Alt

Өнер иесі желідегі парақшасында бүгін таңертең болған жағдайды баяндап берген. "Яндекс. Такси" шақырамын деп, ер адамнан таяқ жеп, естімеген сөздің бәрін естіген актриса сол сәтте жылап қалғанын да жасырмады. Динара Бақтыбаеваның айтуынша, жүргізуші берген 480 теңгесіне разы болмай өнер иесін кінәлаған. 

"Бүгін таңертең болған бір жағдайды айтып бергім келеді. "Яндекс. Таксиге" тапсырыс беріп едім, жаңа көліктің орнына ескісін жіберген. Жарайды, ондай болып тұрады, ештеңе етпес деп отырдым. Жүргізуші "Жол ақысы 480 теңге ме? Егер бағасы аз боларын білгенде бармас едім" дейді. Жарайды деп үндемедім. Жолда тағы сөйлей бастады. "Қарындас, сіздің ұятыңыз бар ма? Мұныңыз не? Хабарласып, аз ақшаға барамын деп айта аламадыңыз ба?" дейді. Менің не қатысым бар, тағы да үндемедім", - дейді ару.

Бағаны "Яндекс. Таксидің" өзі бекіткенімен, жүргізушілері жолаушыларға шағымданып, тіпті, боғауыз сөз айтып, балағаттайтын көрінеді. Қажет жеріне жете алмаған актриса "Яндекс.  Такси" жүргізушісінің өзін итеріп жібергенін айтып ашынды. 

"Ол әрі қарай қоймай қойды. Мен оған "Неге көңіл-күйіңізді түсіріп жатырсыз. 500 теңге деген аз ақша емес. Оның үстіне ара-қашықтық ұзақ емес. Менен не сұрайсыз? Бағаны мен қоймаймын ғой" дедім. Ақыры соңында жағдай өршіп кетті. Адамның ашулы екенін білдім. Бірақ менен не сұрайтынын сол бойы түсінбедім. Сөйтіп, мені түсіріп тастады. Мен ашуланып, есікті тарс жауып шығып кеттім де, істегеніме өкініп қалдым. Солай ойлап үлгергенімше болмады,  ол көлігінен шығып, маған айтпағанды айтып, итеріп жіберді. Мен үндемей қойдым", - дейді Бақтыбаева.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыныстық қатынас арқылы: Дәрігер қазақстандықтарға арқа ауруын емдеудің жолын үйретті

Жыныстық қатынас психологиялық және соматикалық денсаулықты жақсартады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған
Çàãðóçêà...