Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Катарда футболдан әлем чемпионаты ресми түрде ашылды

Катарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Катар

Әлем чемпионаты алғаш рет күз және қыс мезгілдеріне өткізіліп отыр. Бұған дейін тек жазда ұйымдастырылып келген. Сонымен қатар 2022 жылғы әлем чемпионатында соңғы рет 32 құрама бақ сынайды. Алдағы әлем біріншіліктерінде 48 құрама қатысады. 

2022 жылы футболдан әлем чемпионатын Катарда өткізу туралы шешім 2010 жылы Швейцарияның Цюрих қаласында қабылданған еді. Бұл кезде Катар 14, ал АҚШ 8 дауыс жинаған.

Катар мұнайға бай ел ретінде белгілі. Мұнда әлем чемпионаты үшін арнайы 8 жаңа стадион салынған. Әрі ауа райы тым ыстық болғандықтан стадиондарда ауа салқындатқыш желісі іске қосылады. Температураның 27 градустан жоғары болмауы қадағаланады.

Әлем біріншілігінің алғашқы ойыны “Эль-Байт” стадионында өтеді. Астана уақытымен 22:00-де Катар құрамасы Эквадорға қарсы ойнайды. 

Талқылау