Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкерлер өртенген автобустан 48 жолаушыны құтқарған қазақстандыққа 4 бөлмелі пәтер сыйлады

Ресейде 48 жолаушыны құтқарып қалған семейлік Ержан Амархановқа кәсіпкерлер пәтер сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Кәсіпкерлер өртенген автобустан 48 жолаушыны құтқарған қазақстандыққа 4 бөлмелі пәтер сыйлады

Еске сала кетсек, 2018 жылдың тамыз айында Ержан Амарханов Ресейді 48 жолаушыны құтқарып қалған еді. Ол жолаушыларды құтқару үшін автобус жүргізушісін соққыға жыққанын айтып, оқиғаның қалай болғанын баяндап берген болатын

Бұған дейін Семей қаласының кәсіпкері Ержанға 1 млн теңге сыйлаған еді. Ендігі ер адам күтпеген жерден баспаналы болды.

Басылым мәліметінше, 4 баланың әкесі жалдамалы пәтерде тұрады. Ол көлікті айдап әкелу арқылы табыс табады. Сонымен қатар бос уақытында грек-рим үйірмесінде балаларды дайындайды. Оның 100-ден аса тәрбиеленушісі бар.

Биылғы жылдың 11 шілдесінде кәсіпкерлер Берік Қаниев пен Юрий Пак ер адамға 4 бөлмелі пәтер сыйлаған. 

«Пәтер сыйлайтынын айтқанда, сенбедім. Нотариуста баспананы менің атыма рәсімдегенше сенген жоқпын», - дейді Ержан Амарханов.

Ержан Амарханов жаңа баспанасында отбасымен, анасы және енесімен бірге тұратынын айтты. Сонымен қатар үйірмеге қатысушылардың бірін үйінде уақытша тұрғызбақ. Бүгінде олар пәтерге көшіп кіруге дайындалуда.

Ержанның сөзінше, кәсіпкерлер оған пәтер алып беріп қана қоймай, грек-рим күресі үйірмесіне қолдау білдіретіндерін айтқан. 

Ал кәсіпкерлер мұндай әрекеті арқылы Амархановқа қолдау көрсеткісі келгенін айтады. Өртеніп жатқан автобустан адамдарды құтқару – құрметке лайық әрекет және оның қандай адам екенін аңғартады, дейді олар. 

«Біз пәтер сыйлау арқылы оны қолдап, әділдікке деген сенімінің жоғалмағанын қаладық. Жасаған жақсылығының өзіне қайтып келетінін білсе екен дейміз», - дейді берік Қаниев пен Юрий Пак.

Сонымен қатар олар Ержанның өзінің материалдық ахуалына қарамастан, балаларды тегін жаттықтырып жүргенін атап өтті. Кәсіпкерлердің сөзінше, бүгінде грек-рим күресі үйірмесін қолдау мәселесі шешіліп жатыр. 

Талқылау