Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша мемлекет басшысының міндетін атқарады

Бүгін, 19 наурызда, президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 20 наурыздан бастап президент сайлауына дейін мемлекет басшысының міндетін парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады, деп хабарлайды Stan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Өз сөзінде елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты адам деп сенетінін айтты.

"Қазақстандағы билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан реттелген. Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады.

Қазір Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оны сіздер жақсы білесіздер. Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарда қызмет етіп, мол тәжірибе жинады. Еліміздің сыртқы саясатының қалыптасу жылдарында Сыртқы істер министрі, Премьер-Министрдің орынбасары және Премьер-Министр, Сенат Төрағасы болды. Елімізді, оның экономикасы мен саясатын жетік біледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл – оның дипломат ретінде сіңірген еңбегінің және Қазақстанға деген зор сенімнің жемісі.   

Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол – адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін", - дейді мемлекет басшысы.

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Открытого шовинизма нет, но притеснения бывают": Как живет казахская диаспора в России

В Астраханской области по последним официальным данным живут более 150 000 казахов.

Лукашенко Қазақстан және Ресеймен бірігудің маңыздылығы жоқ деп айтты

Оның сөзінше, әрбір мемлекет өз мәселелерін жеке дара шешкені жөн

«Біздің елде мәдениет әлі де төмен»: Санкт-Петербургта оқып келген режиссер қазақстандық фильмдер және адамдар туралы

Режиссер отандық кинобизнестегі лайықты жұмыстарды атады

Әлемдегі ең танымал мобильді қосымша анықталды

TikTok қосымшасының осы жылы ең көп жүктелгені анықталған

Түркіменстанда барлық әйелдер мен қыздарға 8 наурыз қарсаңына 3 доллардан беріледі

8 наурызда президенттік "сыйлықтар" алушылар тізімінде жұмыссыз әйелдер жоқ. Алайда мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері де ақша алады.

Ғалымдар тәтті сусындардың қауіптілігін анықтады

Сусындар ағзаның жұмысына кері әсерін тигізеді

Қатерлі ісік тудыратын танымал өнім жария етілді

Лома Линда денсаулық университетінің мамандары сүттің қаупі жайлы айтпы берді

Коронавирус тағы үш елде табылды

Ауруды Ираннан және Италиядан келген азаматтар жұқтырған

Гонконгта ит коронавирус жұқтырып алды

Гонконг билігі иттен коронавирус анықтады

Министр Тоқаевқа: Бірқатар ауылдарда жылдам интернет іске қосылады

Осы жылдың соңына дейін 250 ауылда интернет тартылады
Çàãðóçêà...