Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Семейге келді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Семейге келді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Семейде Тоқаев "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың "Жиделі-Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралайды.

"Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағайлы шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысады. Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, "Абай әлемі" сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі. 

Сапар соңында президент "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешеніне және Жидебай кентіндегі ақынның мұражай-үйіне барады", - деді Уәли.

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Қазан, 2020 09:58
Талқылау