Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның бас хатшысына тайфун апатына байланысты көңіл айтты
Фото: Ақордадан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы То Ламға табиғи апатқа байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол "Вифа" тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
-
Әзірбайжан президенті Ресейді сотқа беру үшін барлық құжатты дайындап жатқанын мәлімдеді
-
Александр Лукашенко ұлына дарынды студенттерге арналған стипендия тағайындады
“Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін”, – делінген жеделхатта.
Еске салсақ, Вьетнамда кенеттен соққан дауыл мен қатты жел салдарынан туристер мінген круиз апатқа ұшырағаны туралы хабарлаған едік. 38 адам қаза тауып, жоғалғандар іздестірілуде.

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
