Александр Лукашенко ұлына дарынды студенттерге арналған стипендия тағайындады

Фото: Pool/Reuters
Беларусь президенті Александр Лукашенко 16 шілдеде дарынды студенттерге стипендия тағайындау туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пул Первого Telegram-арнасының мәліметінше мемлекеттен стипендия алатын 185 студенттің арасында президенттің 20 жастағы ұлы Николай Лукашенко да бар.
Жергілікті БАҚ дерегіне сәйкес Беларусь мемлекеттік университетінде оқитын Николай бұған дейін де президенттік стипендия иегері атанған.
Еске салайық, Александр Лукашенко 25 наурызда жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кіріскен еді. Сайлау қорытындысы бойынша биыл 26 қаңтарда Лукашенко президент болып сайланды. Оның кандидатурасы үшін 5 136 293 дауыс берілді. Бұл дауыс беруге қатысқан азаматтар санының 86,82 пайызын құрады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар