Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықтың даналығы жеңді

Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының президентін ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әр азаматының мүддесін қорғайтынын мәлімдеп, ант берді. Сайлаудың өте жоғары деңгейде өткеніне тоқталып, бәсекеде халық даналығының жеңгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 


"Бірінші кезекте көрсетілген қолдау мен сенім үшін Қазақстан халқына алғыс айтамын. Сайлау демократиялық талаптарға сай өтті. Сайлауға дейінгі алаңда бәсекелестік мүмкіндігі болды. Барлық политикалық күштердің өкілдері қатысты. Бұл политикалық бағдарламалар бәсекелескен әділ сайлау болды. Сайлау — қатысушылардың пікірі жеңетін сайыс дейді. Расында бұл әділ пікір. Өте саяси бәсекеде халықтың даналығы парасаты жеңді", — деді президент. 

Сонымен қатар, ол президент ретінде түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құнды ұсыныстарды міндетті түрде ескеретінін айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 9 маусым күні өткен сайлауда 6 539 715 қазақстандық дауыс берген. Ол 70,96 пайызбен жеңіске жеткен еді.

Естеріңізге сала кетейік, 12 маусымда елордада Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Президент әр қазақстандықтың мүддесін қорғауға уәде берді. Ол ант беру рәсімі кезінде Қазақстан билігінің адамдардың проблемасын естіп, олардың шешуге міндетті екенін айтты.

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр