Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі басталды

Президентті ұлықтау рәсіміне шетелдік қонақтар келмеді
Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының президентін ұлықтау рәсімі басталды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Салтанатты шараға еліміздің қоғам және мәдениет қайраткерлері, парламент депутаттары, үкімет мүшелері және басқа да ведомстволардың өкілдері жиналды.

Сондай-ақ, конституциялық кеңес мүшелері, жоғарғы сот төрағасы, орталық сайлау комиссиясы төрағасы да қатысады. Халықаралық миссия өкілдері мен танымал қайраткерлерді көруге болады. 

Ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен конституциясы әкелінді.

9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% дауысын жинағанан болатын.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр