Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Геннадий Головкин бүгін 40 жасқа толды.
"Әуесқой және кәсіпқой бокстағы мансабыңызда өзіңізді бірегей спортшы ретінде таныттыңыз. Деңгейі өте жоғары жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыз, сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі көптеген бокс жанкүйеріне қуаныш, жарқын көңіл күй сыйладыңыз. Табиғи талантыңыз бен еңбексүйгіштік қасиетіңіз спорт саласында зор жетістіктерге жетуге ықпал етті. Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін, – деп жазылған президенттің құттықтауында.
Тоқаев спортшыға алдағы жеке-жекпе сәттілік тілеп, жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, 9 сәуірде боксшы Рийота Муратамен жұдырықтасады. Кездесу Жапонияда өтеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”