Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарыз үшін: Қостанай облысында екі дос әріптесін аяусыз өлтіріп тастады

Қостанай облысында екі ер адам әріптесін соққыға жығып, тұншықтырып өлтірген. Оған әріптесінің қарызын қайтармағаны себеп болыпты.

Қарыз үшін: Қостанай облысында екі дос әріптесін аяусыз өлтіріп тастады

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына 1969 және 1988 жылы дүниеге келген ер адамдарға қатысты іс түсті. Олар ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі (Кісі өлтіру) бойынша айыпталуда.

Белгілі болғандай, қайтыс болған ер адам көзі тірісінде әріптесінен қарызға ақша алған. Алайда оны қайтармай жүріпті. Біраз уақыттан кейін қарызға ақша берген ер адам танысымен бірге ішімдіктен ұрттап алып, артынша әріптесінен қарызын қайтарып алуға барады.

Нәтижесінде екі таныс одан қарызын қайтара алмайтынын ұғып, оны ұрып-соғыпты. Артынша күдіктілердің бірі ер адамды барған көлік генераторының белдігімен буындырыпты. Ол белдікті  оқиға орнына өзімен бірге ала барған екен. Салдарынан ер адам оқиға орнына көз жұмды.

Аталған іске қатысты соттың алдын ала тыңдалымы 19 қазанда өтетін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау