Қарулас 8 адамды атып өлтірген: Жантүршігерлік оқиғаның себебі айтылды

Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінің комиссиясы жүргізген зерттеуде жанындағы 8 әскерді атып тастаған Рамиль Шамсутдиновқа қарсы зорлық-зомбылық әрекеттер әскери бөлімде орын алмаған деп көрсетілген. Алайда, 20 жасар әскердің бұл жаға ұстатар әрекетіне себеп ретінде оның қарауылдағы офицер екеуінің арасындағы «тұлға аралық қақтығыстар» мен «психологиялық сәйкессіздік» болуы мүмкін екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Комиссияның мәліметінше, басқаруды іске асыру кезінде офицерлер ұрған деген дерек негізсіз. Сонымен қатар, әскердің жанындағы бірнеше адамды жайратып салудың тағы бір себебі қарауыл кезіндегі «жоғарғы психологиялық қысым» болуы ғажап емес. 

Қайғылы жағдай орын алған бөлім әскери басқару аумағы мен прокуратура бөлімінен алыс болғандықтан, командирлер қарауылды тасасынан шығарып, сирек қадағалап отырған. Осындай бұзушылыққа жол берген командирлерге жаза қолданылып, тіпті олар жұмыстарынан босатылуы мүмкін.

Бұған дейін, жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерде күдікті қаруластары тарапынан әскери бөлімде жиі қорлық көріп отырған делінеді. Оққа ұшқан офицерлердің бірі Данил Пьянков бөлімдегі әскери борышын өтеушілерге психологиялық қысым көрсетуімен танымал болған. 

Естеріңізге сала кетейік, 25 қазан күні қатардағы жауынгер Шамсутдинов өзімен бірге қарауылда болған 8 бірдей әскерилерді автоматпен атып өлтірген. Ал, жарақаттанғандардың ақтық демін олардың басына оқ атумен шығарған. Мылтықтың оғы біткен соң, жауынгер 10 шақырым қашықтықта орналасқан ауылға қаша жөнелген. Алайда, ауылға жетпей, артынша ұсталыпты. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ластанған ауа қабаты жүрек талмасының негізгі себебі екендігі анықталды

Лас ауада кездесетін тозаңдар аяқасты жүрек талмасына алып келеді

Өзбекстан ЕАЭО-дағы мәртебесін анықтады

Мирзиёев ЕАЭО-дағы бақылаушы мәртебесімен шектелуге ниетті екенін айтты

Денсаулықты жақсы қалпында сақтап қалудың жолы анықталды

Ол үшін грек жаңғақтарын жиі тұтынған жөн

Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген жігітке қатаң жаза берілді

Айыпталушы кінәлі деп танылды

Боран кезінде басқа жүргізушілерге көмектескен: Қазақстандық азамат Нұр-сұлтан-Қарағанды тас жолында көз жұмды

Ол "Барыс" хоккей клубының кезекті ойынынан кейін үйіне қайтып бара жатқан

Нұр-Сұлтан әкімі Тоқаевқа есеп берді

Президент елорда әкімінің есебін тыңдап, оған бірқатар тапсырмалар берді

Тәңірберген Бердоңғаров Дина Смаилованы сотқа берді

Бердонғар қоғам қайраткеріне жала жапты, қорлады деп айыптады

Ақмола облысындағы шенеуніктер мемлекеттік ақшаны қалталарына басқан

Оларға бюджет қараджатын ұрлады деген айып тағылды

Оңтүстік Кореяда қазақстандық қыздың денесі табылды

Қыз ваннада асылып қалған күйінде табылды

ДАИШ-тың жаңа басшысы анықталды

Діни ұйымының жаңа басшысы лауазымын Әмір әл Салби иеленген
Çàãðóçêà...