Карина Абдуллина марқұм Шүкеновпен және Сыздықовпен түскен суретін жариялады
Танымал қазақстандық әнші Карина Абдуллина марқұм Батырхан Шүкеновпен және Болат Сыздықовпен түскен суретін жариялады. Қос бірдей дарын иесі 2015 және 2016 жылдары дәл осы көктем айларында өмірден өткен болатын. Әншінің музыканттарды еске алуына осы себеп болса керек-ті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Мен қан арқылы емес, жан арқылы туыс болатынына сенемін. Рухтас жандар өмірден өткенде, тамырдан аққан қан суып қалады”, – деп музыканттарды еске алды ол Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, Батырхан Шүкенов 53 жасында Мәскеуде инфаркттан көз жұмған еді. Ол 2015 жылдың 29 сәуірінде бақилыққа аттанды. Ал Каринамен бір топта ән салған белгілі музыкант Болат Сыздықов 2016 жылдың 7 мамырында дүниеден озды.
Тағы оқыңыз:
Баян Алагөзова өзі ренжіткен адамдардан кешірім сұрады
Сәдуақасова енді актриса: Мәдина өзін сынағандарға жауап берді
Аишадан кем емес: Бүркіт жаңа бейнебаянында ерекше биімен көзге түсті (видео)
Балаларын сахнаға алып шыққан Роза Әлқожа “Қайрат Нұртасты қайталады” деп сынға қалды
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"