Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәдуақасова енді актриса: Мәдина өзін сынағандарға жауап берді

Мәдина Сәдуақасова актриса атанам деп белін бекем буып отыр. Тіпті, ол үшін әнші түрлі кинокастингтерге қатысуда. Әнші жаңа шығармашылық талпынысы жайлы айтып берді.

Мәдина Сәдуақасова

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Мәдинаның жанкүйерлерінің арасында түрлі ой тудырған кастинг алаңындағы фото еді. Әншінің желіге жүктеген суретіне қатысты, оқырмандары сан түрлі сауалды қарша боратты. Сөйтсек, Сәдуақасова арнайы шақыртумен, тарихи картинаның кастингіне қатысқан екен.

“Мен келген кезде менімен қоса 15-20 шақты қыздар болды. Оның ішінде, мен танитын белгілі актрисалар. Бірақ, олар білмеймін неге екенін алдын-ала тыңдаудан шығып кетіп отырды, шығып кетіп отырды. Мен және тағы бір қыз қалдық. Жоқ үшеуіміз, бізге ғана гримм жасап осылай рөлді ойнатты”, – дейді Мәдина.

Киногерлер, Сәдуақасованың сөйлеу мәнері мен даусына тәнті болған деседі. Енді, Мәдина режиссерлар тарапынан тағатсыздана жауап күтуде. Ал, оған дейін әнші кішігірім рөлдер арқылы тәжірибесін толықтырмақ. Алайда, өнерпаздың кино әлеміне қадамын құптамайтындар да бар.

Жұрттың жан-жақты пікіріне, әншінің айтары мынау:

“Актерлар да әнші болып жүр. Әнші де актер бола алатынына мен ешқандай қарсылығым да жоқ. Сондықтан да, мен ойлаймын ол ешқандай, бір ерсі немесе дұрыс емес дүние емес деп”, – дейді Сәдуақасова.

Сондықтан да, Сәдуақасова ештеңеге қарамастан киноға мықтап кіріспек. Келешекте, әншінінің талай толық метрлі картиналарда ойнауға ниеті бар.

Тағы оқыңыз: 

Майра Мұхамедқызы Қарақаттың тойында “Кеш ханшайымы” атанды

Сәкен Майғазиев елуге дейін ел демографиясына үлес қоспақ

Танымал әзілкеш Ерке Есмаханның жаңа бейнебаянын сынға алды

Бекболаттан аумайды: Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Талқылау