Дзюдошы Абиба Абужақыноваға сүйіктісі сөз салды
Фото: instagram.com/abiba48
Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Instagram парақшасында сүйіктісінің үйленуге ұсыныс жасағанын жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы сүйіктісінің бет-жүзін көрсетпесе де, бір құшақ раушан гүлін ұстаған ер азаматтың суретін жариялады.
“Иә” дедім”, – деп жазды Абиба.
Желі қолданушылары спортшыны қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Арасында алдағы олимпидаға қатысу туралы сұрағандар да болды.
“Бақытты болыңдар”, “Бақытты да мұңсыз бол, қазақтың маңдайына біткен батыстың жарық жұлдызы”, “Құтты болсын бақытты болыңыз”, “2028 жылғы олимпиаданы күтпедің бе”, “Спорт бітті ме? Әрі қарай келіндік қызмет бола ма?”, “Олимпиада чемпионы атанбай тұрмыс құрмаймын деп едіңіз ғой”, – деп сұрап жатты желідегілер.
Абиба сауалдардың біріне “Бұйырса барамын” деп жауап берді.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"