Мені, кәрі күнәһарды да кешір: Тұрым Алагөзов келіні Баяннан кешірім сұрады

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Рамазан айының алғашқы күні өзі ренжіткен адамдардан кешірім сұрады. Алайда желі қолданушыларының кейбірі оның мойнындағы “кірес” түріндегі алқасын сынады. Өз кезегінде оларға продюсердің қайын атасы Тұрым Алагөзов жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Мені, кәрі күнәһарды да кешір: Тұрым Алагөзов келіні Баяннан кешірім сұрады

«Қасиетті айдың алдында сөзбен, әрекеттеріммен және ойыммен ренжітіп алған адамдардан кешірім сұраймын», – деп жазды продюсер Instagram-парақшасында.

Пікір қалдырушылардың дені оның ел үшін жасап жатқан еңбегі көп екенін айтып, кешірім сұрауына себеп жоғын жазып жатты.

 

Ал кейбірі қасиетті Рамазан айы туралы жазба жазған продюсердің мойнына «кірес» түріндегі алқа таққанын сынап жатты. Өз кезегінде оларға продюсердің қайын атасы Тұрым Алагөзовтің өзі жауап берді.

«Мен сенімен мақтанамын, қызым. Христиандардың кіресін Тәңірдің белгісінен ажырата алмайтындарды кешір. Еңсеңді тік ұстап, батыл қадам бас.  Адамдарды жақсы көріп, оларды сол қалпында қабылда. Біз екеуіміз және менің балаларым Байұлы руынан шыққанбыз. Сондықтан өзімізді өз істерімізбен қорғай аламыз.

Тек Рамазан айында емес, әркез өзіңді ренжіткен адамдарды кешір. Олар не істеп жүргендерін білмейді. Және мені, кәрі күнәһарды да кешір. Мен өз балаларымды жақсы көремін және көзім тірісінде оларды қорғаймын. Сендер ұялатындай ештеңе жасаған жоқсыңдар. Алла барлығына сендердей жұмыс жасауды жазсын», – деп жазды Тұрым Алагөзов.

Баян Алагөзова өзі ренжіткен адамдардан кешірім сұрады

Оқи отырыңыз:

Сәдуақасова енді актриса: Мәдина өзін сынағандарға жауап берді

Майра Мұхамедқызы Қарақаттың тойында “Кеш ханшайымы” атанды

Сәкен Майғазиев елуге дейін ел демографиясына үлес қоспақ

Танымал әзілкеш Ерке Есмаханның жаңа бейнебаянын сынға алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар