Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әзілкеш Ерке Есмаханның жаңа бейнебаянын сынға алды

Бірер күн бұрын жарыққа шыққан “Аэропорт” бейнебаянын белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов сынап тастады. Ол желіде Еркеге арнап жазба қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz.

ерке есмахан

“Ерке, көрдiм клипiңдi. Әнге клип түсiрдiңдер ма, әлде әңгiмеге клип түсiрдiңдер ма? Сомен, басында не айтты анау бала? Әңгiме неден шықты? Неге ол баланы жұмыстан шығарып алдың? Неге дұрыстап ойнататын жiгiт алмадың, мен сияқты?

Таксист ағам ғана өз рөлiн әдемi алып шыққан. Әңгiмелерiң сухой ғой. Клипты көргендер түсiнедi менi. Қазiр барып көрiп, сосын комментке өз ойларыңызды қалдырыңыздаршы. Жамандап емес, жеке пiкiрiңiздi қалдырыңыз. Опщым, Ұят-парадқа материал табылды”, – дейді Нұрболхан.

Ал бұл аралықта Еркенің жаңа туындысы 5 күнде 1 миллион қаралым жинады. Айта кетейік, “Аэропорт” – Еркенің продюсер Баян Алагөзованың қарамағынан кеткеннен кейінгі үшінші бейнебаяны. Есмахан экс-продюсерінен кете салысымен, “Қайда” клипін жарыққа шығарған болатын. Аталған туынды елімізде хитке айналып, бүгінде 66 миллионнан аса қаралым жинады.

Тағы оқыңыз: 

Хюррем сұлтанның рөлін сомдаған актриса адам танымастай өзгеріп кетті

Айсәуле Бақытбек: Ешкімнің өткенін бетіне басуға болмайды

Қарақаттың 1 жасар қызы тұсауын кесетін адамды өзі таңдаған (видео)

Әншілер отырса опақ, тұрса сопақ: Ерке Есмахан еңбегін еш еткендерге ренішін білдірді

 

Талқылау