Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айсәуле Бақытбек: Ешкімнің өткенін бетіне басуға болмайды

Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек өткенімен өмір сүрмейтінін айтты. Оның сөзінше, бұрын қанша қателік жасаса да, ешкімнің өткенін бетіне басуға болмайды. Ешкім ғұлама болып туылған жоқ, дейді ол, деп жазады Stan.kz.

Айсәуле Бақытбек

Айсәуле Бақытбек Instagram желісінде жариялаған жазбасында өткен өмірінде көп дүниені дұрыс жасамағаныны мойындады.

«Ешкімнің өткенін бетіне басуға болмайды. Ешкім ғұлама болып туылған жоқ. Тіпті кішкентай кезінен бастап белгілі бір ұстаныммен өмір сүріп, есейгенде өткені үшін өкінбейтін адам болмайды. Мен бұрыс сөздерді көп айттым, бұрыс әрекеттерді де көп жасадым. Мүмкін 10 жылдан кейін бүгін де ақылды бола алатынымды ойлайтын шығармын. Алайда, менің ойымша, бұл адамның дамуының маңызды бөлшегі сияқты. Ең бастысы – бір орында қатып қалмай, айналаңда болып жатқан дүниеге тек бір қырынан қарамай өмір сүру. Егер қазіргі ойыңыздың 5 жыл бұрынғы пікіріңізден айырмашылығы болмаса және өз миыңызда әлденені өзгерту керегін түсінбесеңіз, қашыңыз. Бетіңіз ауған жаққа қашыңыз да, тоқтамаңыз. Әйтпесе 5 жылдан кейін де қатарластарыңыз сізді дұрыс қабылдай алмайтын болады», – деп жазды Айсәуле.

Сонымен қатар, бойжеткен өзі үшін өткен өмірінде болған дүниелер өзекті емес екенін айтты. Тіпті кімге ақша беріп, кім үшін жылағанын да еске алмайтын тәрізді.

«Кейде мен бұрынғы таныстарыммен ұшырасып қалып жатамын. Мен олардың есіндемін. Олар менің жазбаларымды оқиды. Талқылайды. Сөгеді. Ал мен олай жасамаймын. Себебі олар әлі күнге дейін өткен өмірімен өмір сүрсе, мен үшін өмірімнің ол бөлігі қызық емес. Егер өткен күндердің буымен өмір сүрген ұнаса, қарсы емеспін. Бірақ өздеріңіздің қатып қалған миыңызбен мен туралы түрлі тұжырым жасамай-ақ қойыңыздар. Менің кімге ақша бергенімді, қандай саяси ұстанымда болғанымды, не жайында күліп, кім үшін жылағанымды еске алудың қажеті жоқ. Бұл енді өзекті емес. Егер әл күнге дейін өткеннің қаңсығын жинап жүрсеңіздер, бұл қоңырау екенін біліңіз. Демек қашуыңыз керек», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Оқи отырыңыз:

Бекболаттан аумайды: Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Қыдырәлі мен Қарақат қызының 1 жасқа толуын дүркіретіп атап өтті (фото)

Домбырасының тиегін жоғалтып алған Мөлдір Әуелбекованы залдағы көрермені «құтқарып қалды» (видео)

Аманғали: Қайын атам сыныптасым секілді, қайын жұртқа бара бергім кеп тұрады

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр