Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Домбырасының тиегін жоғалтып алған Мөлдір Әуелбекованы залдағы көрермені «құтқарып қалды» (видео)

Қызылорда өңірінде ән кешін берген Мөлдір Әуелбекова домбырасының тиегін жоғалтып алып, орнына қаламсапты қолданыпты. Алайда мұны естіген залдағы көрермендердің бірі әншіге тиек әкеліп берді, деп жазады Stan.kz.

Домбырасының тиегін жоғалтып алған Мөлдір Әуелбекованы залдағы көрермені «құтқарып қалды» (видео)

Әншінің сөзінше, баласы домбыра шертіп отырғанда тиегі жоғалып қалған. Қаламсапты кесіп, тиектің орнына қолданған Мөлдір бұл жайды кеш барысында көрермендеріне айта кетіпті.

«Бір қызығы, балам домбыра ойнап отырып тиегін таппай қалған жайымыз бар. Сахнаға қаламсаптан өзім кесіп, тиек жасап шыққанмынымды халыққа айтып тұрған сәтімде, көрермендер арасынан бір апам шығып тиек беріп, аман қалдық. Сыр елі мықты!» – деп жазды әншінің өзі.

Сондай-ақ, әнші осы сәт түсіп қалған видеоны да жариялады.

«Жаным, апа, тиекті қайдан алып жүрсіз өзіңізбен бірге? Мынау не деген Сыр елі? Тиекті де өзімен алып жүреді. Ал шығара беріңіздер, өздеріңізбен бірге тағы не алып жүрсіздер? Бере беріңіздер, мен ала беремін», – дейді әнші видеода.

 

Оқи отырыңыз:

Мұхамедиұлы: Димаштың арқасында шетелдік продюсерлер қазақстандық таланттарға көз сала бастады

Қазақ есекке емес, тұлпарға мінген: Әнші Бүркіт есекке мінемін деп жұрттан сөз естіді (фото)

Шымкент туралы ән Ресейдің ТНТ арнасында үздік атанды (видео)

Әншілер отырса опақ, тұрса сопақ: Ерке Есмахан еңбегін еш еткендерге ренішін білдірді

Талқылау