Мұхамедиұлы: Димаштың арқасында шетелдік продюсерлер қазақстандық таланттарға көз сала бастады

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шетелде жетістікке жеткен қазақстандық әртістер жайлы айтты. Ол Димаштың арқасында, шетелдік продюсерлердің қазақстандық әртістерге көз салғанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Димаш Құдайберген

“Димаш Құдайбергенмен үлкен шоу өткізу үшін бізге үлкен дайындық керек. Ол қазір табысты, Канн фестиваліне қатысып келді. Біздің міндетіміз – басқа таланттарға жол ашу. Жалғыз Димаш емес, көптеген таланттарға”, – деді министр үкімет жиынында.

Билік өкілінің айтуынша, Димаштан кейін шетелдік продюсерлер қазақстандық орындаушыларға қызығушылық таныта бастаған.

“Димаштың арқасында, көптеген шетелдік продюсерлер қазақстандық таланттарға көз салып жүр. Димаш “жарт еткендіктен”, өзге де таланттар жетерлік деп ойлап отыр. Танымал мәскеулік композиторлар қазақстандық орындаушыларға арнап ән жазуда. Jah Khalib Қазақстаннан тыс аймақта жұмыс істейді”, – дейді министрлік басшысы.

Тағы оқыңыз: 

Қазақ есекке емес, тұлпарға мінген: Әнші Бүркіт есекке мінемін деп жұрттан сөз естіді (фото)

Шымкент туралы ән Ресейдің ТНТ арнасында үздік атанды (видео)

Әншілер отырса опақ, тұрса сопақ: Ерке Есмахан еңбегін еш еткендерге ренішін білдірді

Досымжан Таңатаров күйеуіне тоқал алып бермек болған Роза Әлқожаны қолдап шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
25.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар