Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досымжан Таңатаров күйеуіне тоқал алып бермек болған Роза Әлқожаны қолдап шықты

Бірнеше әйел алу туралы әңгіменің шеті шыққанда, Досымжан Таңатаровтың жүзіне күлкі үйірілді. Ол тоқал алу – әр жігіттің арманы екенін алға тартып, 18 жыл отасқан күйеуіне екінші әйел алып бермек болған Роза Әлқожаның әрекетіне сүйсінді. Сондай-ақ, өкінішке қарай, тоқал алған азаматтар қатарына қосыла алмай жүргенін айтып күйінді.

Досымжан Таңатаров күйеуіне тоқал алып бермек болған Роза Әлқожаны қолдап шықты

Бұл туралы Таңатаров 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Қазір Роза балпанақтай қазақтың нағыз бәйбішесі. Әнімен де, сәнімен де құлпырып тұрған шағында концерт берді. Тіпті, ақылы кең, көпті көрген әйелдер айта алмаған сөзді айтты Роза. “Мен жолдасыма тоқал алып беремін” деп жариялады. Ал ол сөзді одан да зор әйелдер айта алмаған. Әпере ма, әпермей ма, мәселе онда емес. Мәселе, ер азаматының осы уақытқа дейін жасаған құрметінің қайтарымы ретінде, ер азаматының өзінің әлпештегені, әл-қуатының мықты екенін көрсетіп отыр”, – деген Таңатаров тоқал алу барлық ер азаматтардың арманы екенін жайып салды.

“Бұл – барлық жігіттердің арманы. Оны міндетті түрде орындау, орындамау деген сөз емес. Абзалы – бір әйелден ғой. Қолыңнан келсе, шамаң жететін болса ал. Бұл жерде шамаң дегенде дүние мен мінезің ғана емес, жалпылама ер азаматтың бойындағы дүние. Осы жерден шатасып қалмауымыз керек. Қолдан келсе, неге істемеске? Ол барлық ер азаматтардың ойындағы дүние. Бірақ енді біреудің қолынан келеді, біреу келмесе де талпынып істеп жатыр, шатасып жатыр. Сондықтан осы бір тұста оны жоққа шығаруға болмайды.

Жалпы қолынан келсе, Розекең сияқты ондай әйелдер болатын болса, ал десе де алмай жатыр ғой. Әйелдерге соншалықты таңғалатыным, сол сөзді айтуға батылы жетпей қалады ғой. Батылы емес тіпті, қызғаныш жібермейді. Айтса да, бүгін шешініп алып тоқал алып кетейін деп жатқан жігіт жоқ. Ер-азаматтар мақтағанды жақсы көреді ғой. “Сенің қолыңнан оны, жиырмасы келеді” десе де, ол өзінің шама-шарқын білетін еркек”, – деп түсіндірді Таңатаров.

Әншінің айтуынша, “тоқал аламын” деп әр еркек көкірегін кергенімен, іске келгенде тартынып қалады екен.

“Тоқал алу – мен еркекпін деп жүрген жігіттердің барлығының аузында жүрген сөз. Сөз жүзінде екінің бірі айтады. Бірақ іске асырып жүргендер саусақпен санарлық. Ол шаммен іздеп жүріп табатын азаматтар ғой. Өкінішке қарай, солардың қатарына қосыла алмай жатырмыз”, – деп күйінді ол.

Тағы оқыңыз: 

Ағасы: Әкемнің “Қалаулымнан” әйел іздеп жүргенін көрген қарындасым өзіне қол салмақ болды

Ең сұлу: Аша Матай мен Қарлығаш Мұхамеджанованы шаң қаптырған актриса кім

Қазақ қызы Қайрат Нұртастың хит әнін орысшаға аударып, клип түсірді (видео)

Қызынан жас көрінеді: Аиша анасының суретін жариялап, желіні шулатты (фото)

 

 

Талқылау