Қазақ есекке емес, тұлпарға мінген: Әнші Бүркіт есекке мінемін деп жұрттан сөз естіді (фото)

Әнші Бүркіт желіде «Загадай желание» фильмінің түсірілімі кезінде есекке мінген суретін жариялады. Алайда желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін жақтырмай, сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бүркіт

Әнші Бүркіт Instagram парақшасында есекке мінген суретін жариялап, үнемі белгілі бір тыйымдар аясында өмір сүретін адамның еркін жандарға қызығатыны жөнінде жазды.

Өз кезегінде желі қолданушыларының назары Бүркіттің даналық жазбасына емес, суретіне ауды. Олардың дені әншінің есекке мінгенін жақтырмай қалды.

«Қазақ есекке емес, тұлпарға, атқа мінген», «Жануарға да мейірімділік көрсету керек. Қайдағы бір селфи үшін оны қинап керек емес еді», «Аға, есекке жаныңыз ашымады ма? Мынау тым күш салу ғой», – деп жазды желі қолданушылары.

Десе де желідегі оқырмандарының тарапынан сыни пікірлер жауарын сезген Бүркіт өз жазбасында оларға алдын ала жауап берді.

«Айтпақшы, қазір «Өзіңіз осынша үлкен бола тұра, кішкентай есекке отырып алғаныңыз не?», «Байғұс есек», «Есекті аяймын», «Істейтін басқа ештеңе таппадың ба?» деген тәрізді пікір қалдыратындар табылады. Шын сөзім, есектің үстінде 10 секунд отырып, секіріп түстім», – деп жазды әнші.

Оқи отырыңыз:

Гүлзира Айдарбекова: Концертте сыйлық алмаған немерем еңіреп тұрып жылады

Әбдіжаппар Әлқожа: Мен Қайрат сияқты әйелімді, балаларымды елге әшкере қылмаймын

Жатақханада тұрған: Қазақстандық кəсіпкер белгілі қазақ ақынына Астананың төрінен пəтер алып берді

“Қазақстан” арнасы Меруерт Түсіпбаеваның әнін эфирден қиып тастаған: Әнші пікір білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар