Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі мен Қарақат қызының 1 жасқа толуын дүркіретіп атап өтті (фото)

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина қыздары Аяланың алғашқы туған күніне той жасады.

Тойда өнер адамдары бас қосты. Олар ата-анасына ізгі тілектерін жеткізіп, бүлдіршінге ұзақ ғұмыр тіледі.

“Той құтты болсын! Ұл-қызыңыз мол қуаныш сыйласын! Шаңырақтан шаттық кетпесін! Тілеулеспіз. Кеше ұша алмай қалдық кешігіп. Бүгін билет болмай жете алмадық. Жақсы көреміз!”, – деп жазады Роза Әлқожа желіде.

“Бүгінгі дүбірлеген Қыдыр ағамыз бен Қарақаттың отбасындағы тойы өте керемет өтіп жатыр. Не деген дайынық! Не деген сыйлықтар! Не деген көңіл. Не деген қонақтар, не деген көйлектер. Той тойға ұлассын”, – деп жазады Маржан Арапбаева.

“Бұйырса мамырдың 15-і күні менің ботақаным 1 жасқа толады.Үлкендерден бата аласақ деген ниеттеміз. Үлкен демекші қызымның нағашы әжесі сырқаттанып ауруxанаға жатып қалған еді, Алла дертіне шипасын беріп қуанышымыздың ортасында болса екен деп,тілеуін тілеп отырмыз. ИншАллах дұға тілектеріміз қабыл болсын!

Баршамызға жақсы амал жасауды нәсіп етсін. Ақ жаулықты аналар қауымына дұға жасап жатсаңызар менің анам Қаламқасты да қосып қойсаңыздар деген өтінішім де бар.. Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қашанда қабыл болады ғой
ин ша Алла..!

Бауырымыз бүтін, деніміз сау, жақындарымыз аман болсын!”, – деп жазған еді Қарақат Әбілдина желіде.

Тағы да оқыңыз:

Аманғали: Қайын атам сыныптасым секілді, қайын жұртқа бара бергім кеп тұрады

Замираның күйеуімін: Қазақ жігіті Замираның әрекетіне ашуланды

Мереке: Сіздер бала көріп жүрген адам мені көзбен отырғызып-тұрғызады

Талқылау