Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболаттан аумайды: Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Күні кеше Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасы дүркіретіп той жасады. Олар кішкентай қызының 1 жасқа толғанымен қатар, ұлы Айсұлтанның сүндетке отыруын қатар атап өтті. Ал той қонақтары болған жұлдыздар 1 жасар Аяланың суреттерін жарыса жариялап жатты. Өз кезегінде желі қолданушылары бүлдіршіннің кімге ұқсайтынын талқылай жөнелді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бекболаттан аумайды: Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Дүбірлі тойдың қонақтары болған айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, әнші Ерке Есмахан 1 жасар Аяламен бірге түскен суреттерін көрсетті.

Бекболаттан аумайды: Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Ал желі қолданушыларының дені Аяланың үлкен ағасы Бекболаттан аумайтынын жазып жатты. «Тура үлкен ұлы сияқты екен», «Бекболат ағасынан аумайды», «Бекболат ағасы сияқты. Әдемі қыз болайын деп тұр», – деп жазды желі қолданушылары.

Бекболаттан аумайды: Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Пікір қалдырушылардың арасында бүлдіршінді Қыдырәліге де, Қарақаттың анасына да ұқсатқандар болды.

Сондай-ақ, желі қолданушылары кішкентай Аяланың сүйкімділігін айтып, оған жарқын болашақ тілесіп жатты.

Оқи отырыңыз:

Қыдырәлі мен Қарақат қызының 1 жасқа толуын дүркіретіп атап өтті (фото)

Домбырасының тиегін жоғалтып алған Мөлдір Әуелбекованы залдағы көрермені «құтқарып қалды» (видео)

Аманғали: Қайын атам сыныптасым секілді, қайын жұртқа бара бергім кеп тұрады

Мұхамедиұлы: Димаштың арқасында шетелдік продюсерлер қазақстандық таланттарға көз сала бастады

Талқылау