Балаларын сахнаға алып шыққан Роза Әлқожа “Қайрат Нұртасты қайталады” деп сынға қалды

Жуырда Роза Әлқожа Астанада концерт беріп, балаларын сахнаға алып шықты. Әншінің үлкен ұлы мен қызы ән шырқап, елордалық көрермендерді тәнті етті. Бұл орайда кей тыңдармандар отбасылық концерт берген Розаны “Қайрат Нұртасты қайталады” деп сынға алған.

Роза Әлқожа

31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында әнші сынға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Ешкім ешкімді қайталамайды. Отбасылық әншілік кеш деген кезінде қаншама отбасылар бастап келе жатқан үрдіс. Роза әпкеміз 2011 жылы балаларымен сахнаға шығып ән айтқан. Одан кейін 2013, 2015 жылдары да шыққан. Сіңлісімен де, інісімен де, анасымен де айтқан. Қайрат өзі біледі, енді ашып жатыр сырын. Қайраттікі де дұрыс, Розанікі де дұрыс. Ол туа біткен қасиетті жасырып қала алмайсың. Өтйкенің балаң әнші болғысы келеді, інің әнші болғысы келеді”, – дейді Розаның інісі Әбдіжаппар Әлқожа.

Ал Розаның өзі:

“Көпбалалы анамын ғой, бірақ барлығын тықпалай беруге бұрыннан ұялатынмын. Қазір балалар өсіп қалды, ер жетті, бой жетті. Үлкеніміз Жүргенов атындағы колледждің студенті. Сондықтан елге таныла берсін, өнері шыңдала берсін дедім. Өйткені көп адамдар ұлыңыз қайда, қызыңыз қайда деп сұрап жатыр. Кішкентайымыз Ясина – халықтың батасымен туылған қыз. Қай жерге барсам да, ел Ясинаға апарып беріңізші деп сыйлық беріп жатады. Елдің қуанышы деп, балапанымды алып шықтым”, – дейді.

Тағы оқыңыз: 

Роза Рымбаева отбасылық өмірі жайлы: Гаражда қос-қос мәшине, гаухар тасты әшекейлерім болған жоқ

Танымал әзілкеш Ерке Есмаханның жаңа бейнебаянын сынға алды

Қарақаттың 1 жасар қызы тұсауын кесетін адамды өзі таңдаған (видео)

Бекболаттан аумайды: Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар