AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды

 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларын қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 6 маусымға дейін, ал Дәулет Ерғожинді қамау мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды.

"ҰҚК-нің жедел тергеу тобы Мәсімов, Садықұлов, Ерғожин және басқа да тұлғаларға қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы, 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы, 366-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр", – делінген ҰҚК хабарламасында. 

Сондай-ақ ҰҚК төрағаның экс-орынбасары Марат Осиповты қамауға алу мерзімі 2022 жылдың 22 мамырына дейін ұзартылғанын хабарлады.

"Жасалған қылмыстардың мән-жайы мен ауырлығын, сондай-ақ бұл адамдар істі объективті тергеуге кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздердің болуын ескере отырып, қамауда ұстау бұлтартпау шарасын қолдану және кейіннен ұзарту туралы шешім қабылданды", – делінген комитеттің хабарламасында.



Айта кетсек, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 151-бабына сәйкес, аталған қылмыс санаттары бойынша қамауға ұстау мерзімі 18 айдан аспауы керек.

Еске салайық, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған.

10 наурыз күні ҰҚК Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелерін көрсетті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған.

Мәсімовтің Премьер-Министр лауазымында болуы кезеңінде бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 млрд теңге элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу фактісі бойынша да тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ Мәсімовтің үйінен  17,2 млн АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша мен көптеген құнды заттар – элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқалары тәркілеуге алынған.

Сонымен қатар Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн АҚШ доллары алынып, оған да тыйым салынған.

Бұған дейін бас прокуратура Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларының кінәлары дәлелденсе 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр