AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет синоптиктері 21-23 сәуірде солтүстік аймақтарда ауа температурасы төмендейді деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көктем солтүстік аймақ тұрғындарын жылы ауа райымен ұзақ қуантпады. 22 сәуірден бастап елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны жетеді. Ол таза арктикалық ауаны алып келеді. Қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді", - деп атап өтті Қазгидромет.

Елдің батысы мен шығысында қатты жаңбыр болып, шығыста қарға ұласады.

Оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады. Олар Оңтүстік ауа массаларының ықпалында болады. Найзағай ойнап, аз мөлшерде жаңбыр жауады. Бірақ жылы ауа райы сақталады.

Нұр-Сұлтанда 21 сәуірде күндіз плюс 13 градус болады, жаңбыр жауады, түнде плюс 6 градус жылы болады. Жұмада күндіз 5 градус жылы, күн бұлтты, түнде 0 градус болады. 23 сәуірде күндіз күн ашық, плюс 5, түнде 2 радус нөлден жоғары.

Алматыда 21 сәуірде күндіз +20, түнде +16 градус. 22 сәуірде күндіз +23 градус, түнде аздаған жаңбыр жауады, 18 градус жылы. Сенбіде күндіз +24 градус, түнде 15 градус жылы.

Шымкентте 21 сәуірде күндіз +20 градус, найзағай ойнап, аздаған жаңбыр жауады. 22 сәуірде күндіз + 24 градус. Сенбіде күн бұлтты, 25 градус жылы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр