Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым шай уға айналуы мүмкін: Сарапшылар шайды дұрыс әзірлеудің маңыздылығын айтты

Шай демдегенде жіберілетін қателік анықталды. Көп жағдайда ыстық сусын сүюші қауым оны дұрыс әзірлемегендіктен қарапайым шай уға айналады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы неміс мамандар мәлімдеді. Шайдың өзінің пайдалы қаситеттерін жоғалпас үшін оның дайындалуына мұқият көңіл бөлген жөн. Олардың сөздерінше, шай демдегенде өндірушілердің өнімнің сыртына жазған нұсқаулықтарына назар аударған дұрыс. Мысалы, шөптен әзірленетін және жапырақтан дайындалатын шайларды араластыратын ыстық судың өзіндік температурасы болады.  Бұған қоса шайды бес минутан аса уақыт демдеу керек. 

Ғалымдар тіпті бағасы қымбат шайлардың өзінде зиянды микробтар болатындығын жеткізді. Оның себебі сусынның табиғи өнім болуында. Сол себепті құрамындағы микробтардың көзін құрту үшін шайды ыстық суда біраз уақыт бойы қайнатып алу шарт. Әйткенмен шай денсаулыққа залал келтіруі әбден мүмкін. 

"Шай далада өсетін өсімдіктерден әзірленеді. Сондықтан олардың құрамында бактериялар мен зең болуы қалыпты дүние. Бұған қоса ауру тудыратын сальмонелла секілді патоген де болуы мүмкін. Сондықтан шайға қайнаған су құйып, бірнеше минут бойы қалдыру қажет", - дейді мамандар. 

Бұған қоса сарапшылар біраз уақыт тұрып қалған шайды ішпеуге кеңес береді. Себебі мұндай ыстық сусынның әкеп тигізер еш пайдасы жоқ. 


 

Талқылау