Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда кондуктор паранджа жамылған әйелді көліктен қуып шықты

Қарағанды қаласының «Гарант» қоғамдық бірлестігінің адам құқын қорғау бөлімінің төрағасы Жасұлан Айтмағанбетов паранджа жамылған әйелді қоғамдық көлікке кіргізбей қойған оқиғаға байланысты пікірін білдірді.

975621d7210314bf0d91e2a8e32eae63_XL

Маманның айтуынша, бұл оқиғада адамды діни көзқарасы бойынша кемсіту және адам құқығын бұзу орын алған.

«Біріншіден, кондукторға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық бойынша өндіріс жүргізілуі мүмкін. Екіншіден, елімізде исламға деген үрейдің жойылуына көңіл бөліне бермейді. Мәселен, автобусқа монах әйел кірсе, ешкім олай үрейленбейтін еді», – дейді Айтмағанбетов.

«Ол әйел құқық қорғау органдарына автопарк және оған діни көзқараста қарсы келген тұлғаларға қатысты арыз жазуына болады. Мұндай оқиғалар «Халықаралық және ұлтаралық араздықты өршіту» бабы бойынша қаралады. Бапқа сәйкес 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін», – деп қосты ол.

Жолаушылардың айтуынша, автобусқа қолына пакет пен сөмке ұстаған, қара киіммен оранған әйел кірген. Оның көзінен басқа еш жері көрінбеген.

«Жолаушылар маршрутта бір-бірімен сыбырласып, уайымдай бастады. Әлдекім ойын ашық айтып, ол әйелді көліктен шығарып тастауын талап етті. Сондықтан қауіпсіздік мақсатында кондуктор ол әйелдің басқа көлікке отыруын сұрады», – дейді куәгер Гүлнәр Махмудова.

Талқылау