Қарағандыда із-түссіз жоғалып кеткен ағайынды қыздар табылды
Қарағандыда 8 мамыр күні жоғалып кеткен 15 және 17 жастағы екі қыз аман-есен табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Іздеу жұмыстары тоқтатылды. Қыздар табылды, қазір олар үйлерінде”, – деді ІІД баспасөз қызметі.
Қыздардың осы уақытқа дейін қайда болғаны, ұялы телефондарын өшіріп неліктен туыстарымен байланысқа шықпағаны әлі белгісіз. Еске салсақ, бір-біріне немере ағайын болып келетін Елдана Исламшейх пен Ботакөз Қайырбекованы туыстары мен полиция 8 мамырдан бері іздеген болатын.
Олар кешкі серуенге шыққаннан кейін жоғалып кеткен.
Оқи отырыңыз:
Алаяқтар қазақстандық танымал адамдардың аккаунттарын жаппай бұзып жатыр
Қазақстандықтардың телефондағы әңгімелері мен хабарламалары жазылып, сақталатын болады
Талқылау

"Дүкенде дөрекілік танытып, қонақүйге кіргізбеді": Қазақстандық блогер Ресей мен Беларусьтегі сапарындағы күтпеген әсерлерін айтты
Блогердің сөзінше, Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қарамастан жергілікті халық күнделікті күйбең тіршілігін жалғастырып жатыр

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген