Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың телефондағы әңгімелері мен хабарламалары жазылып, сақталатын болады

Компанияларға жаңа талаптар қойылғандықтан, олар ұялы байланыс бағасын көтерулері мүмкін. Оларға екі жыл қатарынан қазақстандықтардың әңгімелесуі мен хабарламаларын сақтап отыру тапсырылды. Базада азаматтардың жеке хабарламалары да сақталмақ.

0юбюб

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар жаңа ережелермен өмір сүретін болады. Көпшілікке бұл ережелер ұнай қоймайды. Екі жыл бойы телефондағы әңгімеңіз бен хабарламаларыңыз жазылып отырады. Құжат ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Алайда құқық қорғаушылар бұл заңмен келіспейтіндерін айтып жатыр.

«Бұл ақпараттарды кері мақсатта қолданбайтынына кім кепілдік бере алады? Адамдар әртүрлі тақырыпта сөйлеседі. Мысалы, бизнес делік. Мұндай жағдайда әдетте келіс-сөздерді жасырын жүргізуге тырысады. Экстремизм мен Террроризммен күресуде бұл шаралар дұрыс шығар. Десе де, оның кері әсері барын да ұмытпайық», – дейді құқық қорғаушы Евгений Жовтис.

Мамандар әңгімелер мен хабарламалардың бүгінгі таңда да жазылып жатқанын айтады. Алайда оған қол жеткізу қиын екен. Мұнымен қатар, бұл қосымша ақшаны талап ететіні анық.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда салафизмнен ресми бас тарту ұсынылды

Астаналық жезөкшелердің көбісі тері ауруына шалдыққан

“Бек Эйр” Астана әуежайынан шығарылмаған ұшағының шығынын 50 миллион теңгеге бағалады

Нью-Йоркте такси жүргізушісі бір топ адамды қасақана қағып кеткен

Талқылау