“Бек Эйр” Астана әуежайынан шығарылмаған ұшағының шығынын 50 миллион теңгеге бағалады

Сенбі, 20 Мамыр , 2017 11:23

Астана әуежайынан жарты тәулік  ұша алмаған  “Бек Эйр” лайнеріне осыншама шығын келген. Яғни  компания ұшағының қаңтарылып тұрған бір сағатын 3 миллион теңгеге бағалап отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0дж

“Бек Эйрдің” қожайыны полицейлермен төбелестен соң кейбір  сайманы  сынған әуе кемесінің  шығынын да есептеп жатқанын ескерсек, бұл  сома тағы  ұлғаюы мүмкін. Аяқ-асты ақау шығып Елордаға қонуға мәжбүр болған ұшақ төңірегіндегі жанжал енді сотта  қаралмақ. Әуе кеңістігін бөліспей қалған Астананың көлік прокуратурасы мен “Бек Эйр” арасындағы тартыс бүгін де жалғасын тапты. Күні кеше сақшылардан қорғануға мәжбүр болған Нұрлан Жұмасұлтанов енді шабуылға кірісті.

Түнгі жанжал кезінде кезекші прокурор мен әуежай диспетчерінің арасындағы әңгіменің жазбасын алған бизнесмен, прокурордың заңсыз әрекет еткенін айтады. Енді көлік прокуратурасы еркінсіген қызметкері үшін сот тиісті шешім шығарса 50 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін.

“Жазбаға сәйкес, прокурор өз қызметін асыра пайдаланып, азаматтық авиация ісіне заңсыз араласқан. Ол диспетчерлік мұнараға ешкімнің тиісті құжатсыз, телефон арқылы ауызша бұйрық беруіне қақы жоқ. Біз бұл жазбаны міндетті түрде сотқа ұсынамыз”, – дейді “Bek Air” АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов.

Ал мына видео “Бек Эйрдің” Алматыдағы жөндеу базасында түсірілген. Ақауы болған ұшақтың шассиі тәп-тәуір жұмыс істеп тұр. Былтыр тағы сол Астана әуежайына бауырымен жер жырып шассисіз қонған дәл осындай ұшақ қолданыстан алынса, кешегі ақауы болған «Фоккер 100» жөндеуден кейін жолаушылар тасуға қайта кіріскен. Азаматтық авиация тергеу амалдарының ұшақ жұмысына кедергі емес екенін айтты.

“Осындай оқиғалар үшін  басқарма бар министрлікте. Сол басқарманың мамандары тергеу жүргізіп, қортындысын береді. Шектеу ешқандай жоқ”, – дейді Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Талғат Ластаев.

Ал авиация үшін жауапты министрлік прокуратура мен әуе компаниясының жанжалына қатысты бейтарап позиция ұстанып отыр. Даудан кейін көлік прокуратурасы министрлік жеке дара борттың ұшуына рұқсат бере алмайды деп ақталғанымен, “Бек Эйр” басшысы бүгін нақты қандай ақауларға тыйым барын көрсетті.

“Шассидің жиналып, тек индикатордың сөнбеу ақауымен ұшақ жолаушылармен екі күн ұшуына болар еді. Ешқандай қауіп болмаған. Кезекші прокурор болмағанда сол түнде-ақ бәрін жөндер едік”, – дейді “Bek Air” АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов.

Енді әуе компаниясының шығындарын көлік прокуратурасы, желілік полиция және Инвестициялар және даму министрлігі өзара бөліп өтеуі мүмкін. Себебі, Бек Эйр басшылығы нақты кімдерді сотқа беретінін әлі шешкен жоқ. Және аталған 50 млн теңге шығын, полицейлердің сындырған ұшақ сайманының құны белгілі болған соң тағы артады.


Жіберіп алмаңыз:

Нью-Йоркте такси жүргізушісі бір топ адамды қасақана қағып кеткен

Әйелімен жанжалдасқан қарағандылық өгей қызын зорламақ болған

Зырянов ауданынан былтыр қыста жоғалған азаматтың өлі денесі табылды

Қарағандыда КамАЗ жүргізушісі велосипед мінген 8 жасар қызды қағып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар