Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқтар қазақстандық танымал адамдардың аккаунттарын жаппай бұзып жатыр

Алаяқтар табыс көзінің жаңа түрін іздеп жүр. Қазақстанда танымал аккаунттарды жиі бұзатын болған. Ал бұзған адамдар оны қайтару үшін қомақты ақша талап етеді екен. Әсіресе, желідегі саудагерлер үшін бұл тиімді ұсыныс болмақ.

2899974-3-big

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жас актер Еламан Есентаев интернет желісінде танымал. Оның фотолары мен видеоларын осы күнге дейін 40 мың адам бақылап келген. Алайда алаяқтар аккаунтты сындырып, қайтарымына 50 мың теңге талап еткен. Ал өздері туралы ақпаратты толықтай жасырған.

«Оның парақшасында суреттері болмады. Тек көліктің суреті тұрды. Бұл аккаунтты 3 жыл пайдаланған едім. Оның ішінде мен үшін орны ерекше суреттер мен жазбалар болды», – дейді Еламан.

Еламан аккаунтын алаяқтан сатып алудан бас тартқан. Оның орнына жаңасын ашуды жөн көріпті. Бұрынғы достарының жартысын жинап үлгеріпті. Мұндай жағдайда адамдар бағдарламашылардың көмегіне жүгінеді. Олар жұмыстары үшін 30 мың теңге алады. Мұндай қиындықтан қиын құпия сөз орнатып, аккаунт пен телефон нөмірді байланыстыру арқылы құтылуға болады екен.

«Әдетте құпия сөз ретінде өздерінің, ата-анасының есімдері мен туған күндерін қойып жатады. Барлығы дерлік стандартты құпия сөздерді қолданады. Почтамен байланыстырылған аккаунтты бұзу мүмкін емес деп ойлайды. Киви-әмиян басқа біреудің атына рәсімделген. Сол жерден олар ақшаны басқа киви-әмиянға бағыттайды. Хабарламаларын да бір рет оқып үлгеруге болады. Әдетте жойып отырады», – дейді бағдарламашы Мәди Мырзабек.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтардың телефондағы әңгімелері мен хабарламалары жазылып, сақталатын болады

Қазақстанда салафизмнен ресми бас тарту ұсынылды

Астаналық жезөкшелердің көбісі тері ауруына шалдыққан

“Бек Эйр” Астана әуежайынан шығарылмаған ұшағының шығынын 50 миллион теңгеге бағалады

Талқылау