Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында екі қабатты тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында ағаш үй өртеніп кетті. Өрттен зардап шеккен 53 жастағы ер адам ауруханаға түссе, 29 жастағы ер адам қаза тапты.

Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, жеп жазды Sputnik Казахстан.

ТЖК мәліметінше, Сәтпаев қаласы Весовая ауылында үйдің өртенгені туралы хабар 3 сәуірде 03:26 кезінде түскен.

Өрт сөндірушілер келгенде сегіз пәтерлі үйдің екінші қабаты мен шатыры лапылдап жанып жатқан, кейін баспалдағы мен пәтерлер арасындағы қабырғалар қирап түсіпті.

Жанып жатқан үйден екі адам құтқарылды. Екінші қабаттағы пәтерден құтқарылған 53 жастағы ер адамға иіс тиіп уланып әрі күйік шалып ауруханаға түсті. Сол пәтерден 29 жастағы ер адамның денесі табылған.

Өрт  7:14 кезінде сөндірілді, жалпы аумағы 180 шаршы метр. Өртті сөндіруге 37 адам мен тоғыз техника қатысты. Себебі анықталуда.

Тұрғын үйде 19 адам тұрып жатқан. Баспанасыз қалған олардың үшеуі жатақханаға орналастырылып, қалғандары туыстарының үйінде тұрып жатыр.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да танысын ұрып өлтірген 20 жастағы жігіт 11 жылға сотталды

Шымкентте мас күйінде көлік жүргізген азамат туған інісі мен келінін қағып өлтірді

Жаназа шығарғылары кеп тұратын “табытқағарлар” ма дерсің: Сәуле Әбединова мешіт имамдарына сын айтты

Талқылау