Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: тергеу әлі аяқталмады

Қарағандыдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улану оқиғасы бойынша тергеу әлі аяқталмады. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Министрдің айтуынша, уланған балалар әлі де ем қабылдап жатыр. 

"Қазіргі уақытта бес бала емделіп жатыр. Негізгі диагноз – улы затпен улану бойынша барлық бала сауықты. Балалар оңалту бөлімінде жатыр. Олар 21 күн бойы оңалту курсын алады. Оқиға себебін анықтау бойынша тергеу органдары, оның ішінде прокуратура әлі де тексеру жүргізуде. Тексеру аяқталған жоқ", - деді министр.

Ажар Ғинияттың сөзінше, медициналық-әлеуметтік орталық қызметкерлері жұмыстарына қайта оралған.

"Олар тергеуге шақырылды, сондықтан жұмысы уақытша тоқтатылған еді. Қазір жұмыстарына қайта оралды", - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланып, оның біреуі көз жұмған еді

Талқылау