Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының тұрғыны жалған анықтама алғаны үшін көше сыпырды

Қарағанды облысының тұрғыны белгісіз біреулерден жалған анықтама сатып алғаны үшін 4 күн көше сыпырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Ол 3 күн еңбекке жарамсыздығы туралы құжатты 4 мың теңге сатып алған.  27 жастағы азаматты қоғамдық жұмысқа жегу туралы шешімді сот шығарды.

Еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманың жалған екені  жігіт құжатты жұмыс орнына апарған кезде анықталған. Кәсіпорын қызметкерлері дереу полицияға хабарлайды. 

Анықтама алған азаматқа қатысты Қылмыстық Кодекстің  385- інші, яғни "жалған құжат жасау, сақтау " бабымен іс қозғалған.

“Мен жұмыс істеп жүріп отбасылық жағдай болып денсаулығыма байланысты демалыс алдым 3 күнге 4 мыңға сатып алдым. Ол жұмысқа тапсырған кезде жалған болып шықты. Енді ондай жалған денсаулыққа байланысты демалыс алмаңыздар”, – дейді сотталушы.
 

Талқылау