Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар мәселелерді шешті

Қарағанды облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жұмысты жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгінгі таңда облыс экономикасына салған инвестициясы 219 миллиард теңгеден асатын 10 инвесторға құқықтық көмек көрсетіліп, қиындық тудыратын мәселелері шешілді.

Бұзылған құқықтарды жедел қалпына келтіруге және қорғауға мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысатын Фронт-офис жұмысы ықпал етеді.

Мысалы, "Manufacturing - United Energy Qazaqstan" ЖШС (Германия) Қарағанды облысында 198 жұмыс орнын құрумен, жел электр станциялары үшін конустық мұнаралар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыруда. Инвестиция сомасы - 36 млрд теңге.

Мемлекеттік ынталандыру шараларын алу үшін индустриялық-инновациялық жобаны Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу қажет.

Алайда инвестормен кездесу барысында ол жергілікті атқарушы органдар өтінімін қарауды созбалаңдыққа салғанын мәлімдеді.

Жобаны Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу туралы өтінім 5 ай бойы, әр жолы жаңа ескертулермен, қайта қарауға қайтарылған.

Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданының прокуроры инвестор және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, Фронт-офис алаңында кеңес ұйымдастырды, онда құжаттарды дайындауға құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті тапсырмалар берілді.

Нәтижесінде мәселе тез арада шешіліп, жоба қажетті аймақтық сараптамадан өтіп, Индустрияландырудың біріңғай картасына енгізілді.

Инвестордың өтінімдерін қарауды созбалаңдыққа салу және сапасыз қарау фактісі бойынша қадағалау актісі енгізілді. Облыстың Индустрия және инновациялық даму басқармасының кінәлі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстары жалғасуда және қадағалау органының бақылауында.

Талқылау