Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті
1 ақпанда Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінде жүк пойызына бидай тиелгенін мәлімдеді.
"Пойыз құрамына бидай тиелген. Рельстен шығу себебі – вагонның бүйір рамасының омырылуы. Оқиға орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Қазір аймақта бір жақты пойыз қозғалысы қалпына келтірілген. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ