AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды аттракционындағы әйелдің өлімі: Сот нұсқаушыны айыпты деп тауып, 4 жылға соттады

Қарағанды соты 33 жастағы Евгения Леонтьеваның өліміне қатысты үкім шығарды. Әйел 2021 жылдың 10 қазанында Қарағандыдағы "Созвездие" қонақүйінің 30 метрлік ғимаратындағы аттракционнан арқанмен секіру кезінде қаза тапқан еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

караганды айел 2022

Тараптардың айыптауларынан кейін сотталушыға соңғы сөз берілді. Соңғы сөзін айтқан Александр Музникас прокурордың таққан айыптарымен мүлдем келіспейтінін жеткізген.

"Менің әрекеттерімде ешкімге зиян тигізу, әсіресе өлімге әкелу деген ниет болмады. Мына нәрсені қосып өткім келеді: сәтсіздікке ұшырап, соңы өлімге алып келген жүйені мен жасап шығарған жоқпын. Секірушілерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеген мен емес едім, сондай-ақ коммерциялық ағынға салып, одан пайда тапқан да мен емес. Ол күні мен мекемеде жалғыз болмады. Бірақ, неге екені белгісіз, айыптау орнында жалғыз өзім тұрмын. Жәбірленуші: "Бұл соның сөзі" дегенмен де, мен Леонтьеваға шатырға шық демедім және секіруге пәрмен бермедім деп сеніммен айта аламын. Тіпті процесс барысында біз көрген бейнеде, ол контекстен қырқып алынғанына қарамастан, мұндай сөз жоқ. Мен жәбірленуші тараптың айыбы біржақты екенін айтқым келеді. Алайда бұл да түсінікті, өйткені олар орны толмас қайғыға ұшырады, мен туыстарына шын жүректен көңіл білдіргім келеді. Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, мен тәуелсіз және әділ сот шешіміне сенемін", – деді Александр Музникас.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ақырында сот қылмыстың қасақана жасалмағанын және сотталушы қайтыс болған қыздың отбасына жанашырлық танытқанын ескере отырып, Александр Музникасқа жеңіл жаза тағайындады.



Сот үкіміне сәйкес, Александр Музникас тежегіш жүйесінің дайын екеніне көз жеткізбей, басқа нұсқаушыдан тиісті белгі алмаған және марқұмға мезгілінен бұрын секіру пәрменін берген.

"Сот сотталушы Александр Музникасты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, жазасын орташа қауіпсіздік түзеу мекемесінде өтей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деді судья Манат Жұмақаева.

Сондай-ақ Александр Музникас жәбірленушілердің пайдасына 6 миллион теңге өндіруге міндеттелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2021 жылдың қазан айында Қарағандыда әйел арқанмен секіру кезінде қаза тапқан еді. Әйелді ауруханада құтқарып қалуға тырысқанымен, оның жарақаты өте ауыр болды. Қайғылы оқиға "Созвездие" қонақүйінің аумағында болды. Аттракцион қонақүйдің төбесінде орналасқан.

Қаза тапқан әйелдің артында екі баласы қалған. Бұдан бөлек, отбасы анасы қайтыс болған туысын да тәрбиелеп отырғаны жазылған.

Бұған дейін қайғылы оқиғаның куәгерлері секіру кезінде тросстың тартылмай қалғанын көргендерін айтқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр