Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Букмеркерлік кеңселерді Қапшағайға көшірмек: Олар қайда орналасады

Қапшағай қаласы әкімінің қаулысының жобасында букмекерлік кеңселер мен ұтыс ойындарын орналастыру үшін үш аумақ анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қапшағай қаласы Қапшағай су қоймасының жағалауында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға арналған аумақтарды айқындау туралы" Қапшағай әкімінің қаулысына сәйкес қалада казино мен ойын залдарынан бөлек букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар орналастырылатын болады. 

Қапшағай қаласы Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін үш аймақ анықталды: 

Бірінші аумақ: Оңтүстік көлік айрығынан солтүстік бағытта Алматы-Талдықорған автомагистралінің батыс жағы бойымен ені 400 метр, ұзындығы 1500 метр жолақ, сондай-ақ автомагистральдың шығыс жағынан ені 600 метр, ұзындығы 1800 метр жолақ. Одан әрі, 03055007546 кадастрлық нөмірі бар жер учаскесінің шекарасынан 03055007342 кадастрлық нөмірі бар жер учаскесінің шекарасына дейін теміржол көлігінің жерлерімен шектелген ені 400-600 метр жолақ. Одан әрі, "Қара-Су" жырасынан Солтүстік көлік айрығына дейін ені 400 метр, ұзындығы 2000 метр жолақ, Солтүстік көлік айрығынан автожол көпіріне дейін ені 200 метр, ұзындығы 1800 метр жолақ (ойын бизнесімен байланысты емес жерлерді қоспағанда);

Екінші аумақ: Оңтүстік көлік айрығынан автовокзалға дейін, теміржолға бөлінген жолақ пен Алматы көшесінің арасында (ойын бизнесімен байланысты емес мақсаттарға арналған жерлерді қоспағанда), Қапшағай қаласы теміржол өткелінен Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағытта. Сейфуллин көшесінің шығыс жағынан ені 300 метр, ұзындығы 3000 метр жолақ "Рауан" шағын ауданының кәріз-сорғы станциясының бұрылысына дейін (ойын бизнесімен байланысты емес жерлерді қоспағанда). Одан әрі су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауының бойындағы теміржол көпіріне дейінгі аумақ ("Рауан" шағын ауданының, мұнай базасы мен өзен портының жерлерін қоспағанда). Сейфуллин көшесінің батыс жағынан ені 300 метр, ұзындығы 3600 метр элеваторға дейінгі жолақ (ойын бизнесімен байланысты емес жерлерді қоспағанда);

Үшінші аумақ: Алматы-Талдықорған автомагистралінің автожол көпірінен Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауы бойындағы автомагистральдың шығыс жағынан теміржол көпіріне дейін, автомагистральдың батыс жағынан Алматы-Бақанас автомобиль көлік жол айрығына дейін ені 50-ден 500 метрге дейінгі жолақ (ойын бизнесімен байланысты емес мақсаттарға арналған жерлерді қоспағанда).

Құжат 21 шілдеге дейін талқылауда болады. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда букмекерлік кеңселердің қызметі қала сыртына көшірілетіні айтылған еді. 

Дидар Халық
Сәрсенбі, 07 Шілде, 2021 21:35
Талқылау