Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде қираған Алматы әкімдігінің ғимараты қашан қалпына келтіріледі – Қала әкімі айтты

Қаңтар оқиғалары кезінде зардап шеккен Алматы әкімшілігінің ғимаратын 2023 жылдың көктеміне қарай қайта жаңарту жоспарлануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

"Біз ғимаратты қалпына келтіреміз. Біз алғаш рет осы жөндеумен айналысатын бес алматылық компаниядан тұратын консорциум құрдық. Ол қалпына келтірілуі керек, менің ойымша, оны бұзудың қажеті жоқ",  – деді Досаев бейсенбі күнгі брифингте.

Досаев алғашында жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күткенін айтады.

"Біз жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарладық, бірақ ең негізгі үш корпуспен емес, металл жанып кеткен күмбезді залмен байланысты өте қиын жобалық шешімдер алдымыздан шықты. Келесі жылдың наурыз айына дейін жаңартылу жұмыстары аяқталады деп үміттенеміз", – деп атап өтті қала басшысы.



Ол сондай-ақ қазіргі уақытта президенттің Алматыдағы резиденциясын бұзу процесі жүріп жатқанын еске салды. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде өртеніп кеткен резиденцияның орнында саябақ аймағы болады.

"Біз бұл саябақ аймағын Сәтпаевқа дейінгі әкімдіктің саябақ аймағымен біріктіргіміз келеді", –  деді Досаев.

Талқылау