Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғаларынан кейін қос жанарынан айырылған Ермек Әбдірешов кінәсіз деп танылды

Қаңтар оқиғасынан кейін көзі көрмей қалған Ермек Әбдірешовке қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтады. Бұл жөнінде Алматы прокуратурасына сілтеме жасаған Qantar қоры Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ермек Абдирешов

“Ермек Әбдірешовтің ісінен де Qantar қорының адвокаттары көптеген заң бұзушылықтарды тапты. Мысалы, соқыр адамнан заңды өкілсіз жауап алынған. Сондай-ақ физикалық тұрғыдан оқи алмайтын сәтінде жауап алу хаттамасына қол қоюға мәжбүрлеген. Айыптауды алып тастау — әлі күрестің басы ғана. Алда әлі жұмыс көп. Ермекті азаптаған полицей әлі күнге бостандықта. Ол іс бойынша куәгер ретінде өтеді. Құқық қорғаушылар оның қатысуымен азаптаудың 13 эпизодын тапты. Полицейді зардап шеккендер мен куәгерлер таныды”, – делінген мәлімдемеде.

Qantar қоры бейбіт наразылыққа шыққан және ешқандай қылмысқа қатыспаған азаматтар үшін әділеттілікке қол жеткізуді көздейді. 

Еске сала кетейік, 37 жастағы Ермек Әбдірешов қаңтар оқиғасынан кейін соқыр боп қалған болатын. Бір көзі митингтің қызып тұрған шағында көрмей қалды — ер адамның бетіне резеңке оқ тиеді. Екінші көзітергеу изоляторындағы азаптаудан кейін көрмей қалған.

5 қаңтар күні Ермек Алматы қаласындағы Республика алаңында бейбіт митингке шыққан. Тәртіп сақшыларыны жарық-шулы гранаталар мен травматикалық қарумен оқ жаудырған сәтте азамат жарақат алып, жансақтау бөліміне түседі. Төрт күннен кейін оны форма киген адамдар келіп, ауруханадан алып кеткен. Содан оны тергеу изоляторына апарып, тәртіпсіздіктерге қатысты деп айыптап, өзінің айтуынша, азаптайды.

Жігіттің отбасы оның тергеу изоляторында отырғанын тек 19 қаңтарда ғана білген. Туыстары шу көтеріп, Ермекті тергеу изоляторынан алып шығады. Кейін Алматы тұрғынын іс бойынша жәбірленуші деп таныған.



Қаңтар оқиғасында ресми дерек бойынша барлығы 238 адам қаза тапты. Олардың алтауы азаптаудан көз жұмған.

Қасіретті қаңтар оқиғасы

Еліміздегі қайғылы оқиғалар 2022 жылдың қаңтар айында орын алды. Барлығы сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына қарсы жаппай наразылықтан кейін басталды. 2 қаңтарда еліміздің батысындағы Жаңаөзен қаласында басталған митингктер кейін Ақтау, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында жалғасын тапты.

Алайда бейбіт шерулер кейін жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып кетті. Қақтығыстан әсіресе Алматы қаласы қатты зиян көрді. Қаңтардың 5-і күні қарулы қарақшылар тобы қала орталығын қиратып, қала әкімшілігінің ғимараттары мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді.

Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды.

Сондай-ақ Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті.

Осы оқиғалардан кейін Қазақстан билігі бүкіл елде төтенше жағдай енгізіп, лаңкестікке қарсы операция басталғанын хабарлады.

5 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберіп, Қауіпсіздік кеңесін басқарды. Ол лаңкестермен күресу үшін ҰҚШҰ-дан көмек сұрауға шешім қабылдады.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі елдегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін Қазақстанға ұжымдық бітімгершілік күштерін жіберу туралы шешімге келді. Барлығы 2300-дей бітімгер әскерилер келді. 13 қаңтарда ҰҚШҰ миссиясының сәтті аяқталғаны туралы хабарланды. Қазіргі таңда бітімгерлердің барлығы Қазақстаннан шығып кетті.

Кәрім Мәсімов қаңтар айының басында мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған. Қаңтар айының соңында ҰҚК баспасөз қызметі Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі құпия болып, сот оларды қамауға алуға санкция бергенін хабарлады. 10 наурызда департамент Мәсімовтен тәркіленген миллиондар, зәулім үйлер мен қымбат көліктер туралы айтты. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шілденің 13-і күні Кәрім Мәсімовтің ағасы, Павлодар облысы бойынша ДП-ның бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекаралас аймақта ұсталды.

Талқылау