Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қан қатерлі ісігіне шалдыққан ақтаулық төрт жасар Ләйләнің ата-анасы көмек сұрайды

Қан түзу жүйесінің қатерлі ісігі дертіне шалдыққан ақтаулық төрт жасар бүлдіршіннің ата-анасы көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

4 жастағы Ләйлә Бахтыбаеваға ювенильді миеломоноцитарлық лейкемия, қан қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Анасы Гүлдана Отарованың сөзінше, елімізде бүлдіршінге бірнеше рет ота жасалған. Алайда емнің нәтижесі болмаған көрінеді. Қазір Ләйлә шетелде емделіп жатыр. 

"Ұзақ уақыттан бері біздің отбасымыз қызымыздың дертімен өз бетімен күресіп келеді. Бірақ қазір сіздерден көмек сұрауға тура келіп тұр. Менің қызыма ювенильді миеломоноцитарлық лейкемия, қан қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Осыған дейін Қазақстанда екі рет сүйек кемігінің трансплантациясы жасалды. Бірақ ешқандай нәтиже болған жоқ.  Біз Түркияда мұндай ауруларды емдеуде тәжірибесі бар мамандар таптық. Олар қызымыздың өмірін құтқарып қалуға кепілдік беріп отыр. Қажетті сомма 120 мың АҚШ долларын құрайды", - дейді қыздың анасы Гүлдана Отарова.

Ләйләға 15 наурыз күні Түркиядағы клиникалардың бірінде үшінші рет сүйек кемігінің трансплантациясы жасалды. Алайда, қазір қыздың еміне қаражат жеткіліксіз. Шарасыз қалған Ләйләнің ата-анасы халықтан көмек сұрайды. 

"Бұл ота өте күрделі. Бірақ біз қызымыздың өмір сүргенін қалаймыз. Қазір көрсетілген соммаға жеткізу үшін 6 мың АҚШ долларын жинау қажет болып тұр. Ләйлә тезірек сауығып, бауырларының жанына оралғысы келеді. Бір адам үшін бұл өтте көп қаражат екенін білемін. Бірақ әрқайсыңыз 100 теңгеден жіберер болсаңыздар біз арманымызға жетіп, қызымызды аман алып қалатын едік", - дейді қыздың анасы.

Реквизиттер:

+77022957500 Каспий Голд

ЖСИН 930604451296

Отарова Гулдана Тагандурдыевна (анасы)

Народный банк: 4405 6397 5145 7522

Kaspi Gold: 4400 4301 8562 5230

Sberbank РФ: 4578 3200 0773 3922

Sberbank РК: 4263 4333 3072 4680

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 28 Сәуір, 2021 13:40
Талқылау