Израиль Йеменге бірқатар соққы жасады: Салдарынан 35 адам қаза тапты
Фото: AP Photo
Израильдің қорғаныс әскері (ЦАХАЛ) Йемен аумағына бірқатар соққы жасады. Олар ел астанасы Сананың маңындағы және елдің солтүстігіндегі Эль-Джауф провинциясындағы хуситтердің әскери объектілерін нысанаға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Eadaily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
“Жойылған нысандардың арасында террористік режимнің (хуситтердің) содырлары анықталған әскери лагерлер, хуситтердің армиялық баспасөз қызметінің штаб-пәтері және террористік әрекеттер үшін пайдаланылған жанармай қоймасы бар”, – делінген хабарламада.
“Ансар Алла” (хуситтер) қозғалысы құрған үкіметтің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Анис әл-Асбахи соққы салдарынан зардап шеккендердің жалпы саны 166-ға жеткен. Оның 131-і жараланып, 35-і қаза тапты.
“Йемен дауысы” телеарнасы ЦАХАЛ мәліметін ішінара растады. Бірақ бомбаланған қорғаныс министрлігінің кешені іс жүзінде бос тұрғанын және бұл ғимараттардың 70%-ы 2015 жылдан бері қирағанын нақтылады. Дегенмен әуе шабуылдары салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шегіп, бірнеше үй бүлінген.
Сондай-ақ дереккөздің хабарлауынша, Шам қаласына жасалған соққы кезінде журналистер зардап шеккенін, олардың арасында әйелдердің барын нақтылады.
Хуситтер мен ЦАХАЛ Израильдің Газадағы әскери операциясы басталғаннан бері бір-бірінің нысандарына үнемі шабуыл жасап келеді.

"Екі күйеу жігіттің де есімі – Нұрсұлтан": Алматылық әпкелі-сіңлі бір күнде ұзатылып, ерекше той жасады
