Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Іш киіммен отырған": Алматыда полиция басқармасы басшысының орынбасары сотқа ұйқысырап қатысқан

Алматыда полиция басқармасы басшысының орынбасары cотта ұйқысырап, жартылай жалаңаш отырғаны үшін судьядан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Видеодан скрин

Көші-қон қызметін басқарған экс-полицей Қайыржан Тоқтыбаев осыдан үш жыл бұрын болған іс бойынша сотта жауап берді. Сот 2022 жылы күйеуі тірідей өртеп жібермек болған Индира Тергеубаеваның ісі бойынша өтіп жатыр. Бір ажалдан қалған келіншек күйеуін көші-қон полициясы дер кезінде депортацияласа, мұндай жағдайға душар болмас едім дейді.

Сот отырысына іш киіммен қатысқан экс-полицейдің әрекеті "сотты сыйламау" деп танылды. Полицейге қатаң сөгіс айтып, әдеп сақтауын ескертті. 



“Полиция қызметкерінің сот отырысына киім әдебін сақтамай қатысқаны үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Себептеріне қарамастан, мұндай іс-әрекетке жол берілмейді және кәсіби этикаға сәйкес келмейді. Тексеру қорытындысы бойынша ол қатаң тәртіптік жазаға тартылады”, – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда полиция басқармасының басшысы балағат айтылған аудиосынан кейін қызметінен босатылған еді. 

Талқылау