"Ескерту емес, тек айыппұл салыңдар": Желіде Жамбыл облысы полиция бастығының қол астындағыларға берген бұйрығының аудиожазбасы тарады
Желіде Жамбыл облысының жергілікті полиция қызметінің бастығының қызметкерлеріне жіберген аудиожазбасы тарады. Онда бастық полицейлерге азаматтарға жай ескерту емес, тек айыппұл салуды бұйырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Polisia.kz
Аудио жазба Telegram арналардың бірінде жарияланды. Онда ер адам полиция қызметкерлеріне "азаматтарға ескерту емес, тек айыппұл салу керек. Бұл бұйрықты полиция департаментінің бастығы берді" деген.
Бұл оқиғаға қатысты Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Жарияланған жазбада көрсетілген дәлелдер тексеріледі. Барлық жағдайлар анықталады. Полиция қызметкерінің іс - әрекетіне құқықтық баға беріледі",-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған