Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернет нашар болған: Қуат Хамитовтың соты кейінге қалдырылды

Спортшы Қуат Хамтовтың соты кейінге шегерілді. Қорғаушы интернеттің нашар болуына байланысты сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаушы Қуат Хамитовтың интернетке қосыла алмайтынын хабарлады. Іс онлайн режимінде Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қаралуда. Қуат Хамитовтың өзі бұл кездесуге қатысқан жоқ. 

"Интернет өте нашар,  судья мырза. Хамитов қосыла алмады", - деді адвокат. 

Прокурор басты күдіктінің қатысуынсыз процесті жүргізу мүмкін емес деп, келісім берді. Нәтижесінде кездесу кейінге шегерілді. Күні кейінірек белгілі болады.

Спортшы былтыр жасаған әрекеттері үшін сотқа тартылды. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қуат Хамитов тікұшақтарға оқ атып, дезинфекциялаушы адамдарды соққыға жығу керек екенін айтқан болатын. 

Ол желіде таратқан ақпаратқа қатысты Алматы қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Полиция тергеуінен шыққан Хамитов журналистерге болған жайт туралы пікір білдірді. 

Талқылау